» Страница 3

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

№18 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі ккоммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық қызметкерлері туралы мәлімет

Автор: admin от 1-02-2017, 05:02, посмотрело: 3821

7
 №  Лауазымы  Штат саны
Штат саны 
 
Аты-жөні                                                        
Туылған жылы               
Мамандығы                 
Пед. өтілі            
Осы қызметтегі өтілі                
 1 Директор
 1 1
Шахидинова Гульбайра Қаржауовна                                             
 31.12.1966ж   Қазақ тілі мен әдебиет                 
 25        
 2
 2  ДОІЖО  1,5 1
 Сейдимбеков Болатбек Илиесович
24.09.1984ж
 Математика 8
4
      0,5
Бекманов  Нұрғазы Қамбарұлы  01.01.1976ж География
11
6
 3  ДТШЖО  1,5 1
 Усербаева Кульзия Иноятовна  06.03.1961ж Математика
 32 19
      0,5
 Ақшораева Жанар Болатовна
 01.09.1981ж Тарих
14
6
 4  Педагог-психолог 1,5
 1   Пернеева Айнаш Сапаралиевна 04.05.1967ж Педагог-психолог
 24  13
       0,5  Досова Фарида Сапаралиевна  14.10.1988ж Биология
4
4
 5 Тәлімгер
1
1
 Валиева Айзада Хантураевна  02.09.1970ж  Қазақ тілі мен әдебиет  23 11
6
 Әлеуметтік педагог  1 0,5
 Мусаева Мейрамкуль Абдрашовна  08.05.1978ж  Қазақ тілі мен әдебиет  18  6
       0,5  Алибеков Куатбек Жаксылыкович  27.03.1977ж  Кәсіптік оқыту және еңбек
 16  4
 7  ЖШІЖО  1 1
 Акшораев Болат Манапұлы  02.04.1955ж    0  13
 8  Зертханашылар 3,5
 1  Бекшеева Раушан Пернебекқызы  05.01.1966ж  Бастауыш оқыт.пед. мен әдіст  0  28
       1  Аширханова Асия Кобилековна  19.12.1977ж  Бастауыш сынып  0 5
       1  Нуржанова Айжан Советовна  15.05.1982ж  Бастауыш сынып  0  9
       0,5  Раймкулова Нургул Маханбетовна  05.08.1982ж  Қазақ тілі мен әдебиет  0 0
 9  Қосымша білім беру педагогы  2  1
 Қозыбаева Айгерим Калдыбековна  13.09.1987ж  Ағылшын тілі
 3 3
       0.5 Қожабаева Айгерим Мырзабековна  27.10.1986ж  Тарих  3 3
       0.5  Усманова Гульмира Иноятовна  14.10.1984ж  Қазақ тілі мен әдебиет  11  0

Категория: Әкімшілік

 

Оқушылар арасында түрлі байқау сайыстарда, пән олимпиадаларында жетістікке жеткен оқушылар 2015-2016 оқу жылы

Автор: admin от 25-01-2017, 23:20, посмотрело: 7862

5 № Аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздары: 5
1 10 сынып оқушысы Қасымбек Аида – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін 3 дәрежелі дипломмен марапатталды

2 9 сынып оқушысы Иса Гүлдана– қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін алғыс хатпен марапатталды
3 10 сынып оқушысы Тайырхан Ләйлә – Орыс тілі пәні бойынша оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін 3 дәрежелі дипломмен марапатталды
4 10 сынып оқушысы Мамасерикова Мерей – Математика пәні бойынша оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін 3 дәрежелі дипломмен марапатталды

5 9 сынып оқушысы Сансызбай Нұрсейіт –Сызу пәні бойынша оқушылар арасында өткізілген аудандық олимпиадада 1 орын иеленді.
6 «Жыл Web-сайты 2016» байқауында –9-сынып оқушысы Сансызбай Нұрсейіт -3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Бұйрабаева Гүлмира.

7 «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысы-3 оқушы
2 сынып оқушысы Әбілқасым Мақсат-1 дәрежелі дипломмен марапатталды
2 сынып оқушысы Дүйсенбай Ерлан-1 дәрежелі дипломмен марапатталды
2 сынып оқушысы Кеңес Балнұр-2 дәрежелі дипломмен марапатталды

8 «Алтын ұрпақ» зияткерлік сайысы-3
2 сынып оқушысы Бақытбекқызы Аяжан-2 дәрежелі дипломмен марапатталды
2 сынып оқушысы Бекхан Балнұр-2 дәрежелі дипломмен марапатталды
4 сынып оқушысы Муталхан Аяжан-3 дәрежелі дипломмен марапатталды

9 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Қазақстандық Интернет Олимпиадасына оқушылар қатысып:-3 оқушы
6 сынып оқушысы Зиябек Данагүл – қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиада 1дәрежелі дипломмен марапатталды
6 сынып оқушысы Усен Мадина – қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиада 2 дәрежелі дипломмен марапатталды
6 сынып оқушысы Абдуали Мөлдір – математика пәні бойынша оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиада 3 дәрежелі дипломмен марапатталды


10 «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ең үздік ғылыми жоба"атты II Республикалық ғылыми жұмыстар сайысына оқушылар қатысып: 3
9 сынып оқушысы Кеңес Асылжан-«Ең үздік ғылыми жоба" сайысында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Г.Бұйрабаева
6 сынып оқушысы Усен Мадина- «Ғылымға деген құштарлығы» номнациясы бойынша 1дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Ж.Сапарбаева
Улықмуратова Гулбану -2 дәрежелі дипломмен марапатталды


Категория: Оқушыларға

 

Оқушылар арасында түрлі байқау сайыстарда, пән олимпиадаларында жетістікке жеткен оқушылар. 2014-2015 оқу жылы

Автор: admin от 22-01-2017, 23:14, посмотрело: 4634

3 9 сынып оқушысы Ералы Ғайникамал –орыс тілі
және әдебиеті пәні бойынша оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық
ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін
2 дәрежелі дипломмен марапатталды


9 сынып оқушысы Қалдар Лаура- Ағылшын тілі пәні бойынша оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық
ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін алғыс хатпен марапатталды

10 сынып оқушысы Анарбек Дана –тарих пәні бойынша оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық
ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін
3 дәрежелі дипломмен марапатталды

Категория: Оқушыларға

 

Оқушылар арасында түрлі байқау сайыстарда, пән олимпиадаларында жетістікке жеткен оқушылар. 2013-2014 оқу жылы

Автор: admin от 18-01-2017, 23:11, посмотрело: 11158

9 1 9 сынып оқушысы Иса Камшат КҒА 2орын
2 Құқық пәнінен 11 сынып оқушысы Тасболат Лаура оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық
ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін
2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
3 Тарих пәнінен 11 сынып оқушысы Алайдаров Бақбергеноқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық
ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін
2 дәрежелі дипломмен марапатталды
4 Ағылшын тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Сансызбай Айдана оқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық
ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін
3 дәрежелі дипломмен марапатталды
5 Химия пәнінен 9 сынып оқушысы Мамадәлі Жанеркеоқушылар арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың аудандық
ІІ кезеңінде танытқан тиянақты білімі үшін
3 дәрежелі дипломмен марапатталды
6 « Мағжан оқулары» сайысында 11 сынып оқушысы Тұрсыналы Маржан алғыс хатпен марапатталды.

Категория: Оқушыларға

 
 

Ашық сабақтар

Автор: admin от 14-05-2016, 07:20, посмотрело: 8208

5 Сынып 10 (жаратылыстану–математика бағыты)

Сабақтың тақырыбы: 3D модельдеу және анимация.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушыларды үш өлшемді моделдеу орталығымен таныстыру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу және ойлау
қабілетін, логикасын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта, компьютер, оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.(5мин)
а) Оқушылармен сәлемдесу, журналды толтыру.
б) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
VІ. Бағалау.(3мин)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
а) Оқушыларға тест жұмысын беру.(5мин)
(оқушылар тестті белгілеп болған соң интерактивті тақтадан жауабын көріп өзін-өзі тексеріп балдық жүйеде бал қояды.)
1. Программалау тілі -
А) алгоритмді және алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданылатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл. +
В) белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған программалар жиынтығы.
С) нақты құрылғылар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программа.
2.TextBox( Мәтіндік өріс)-
А) кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданады.
В) сөздерді немесе жазуларды автоматты түрде батырмаға сиятындай етіп өзгертеді.
С) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент. +
3. ListBox-
А) пішінге бірнеше қатарлардан тұратын жазулар тізімін шығаратын компонент. +
В) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.
С) нысандарды көшіруге, қиып алып қою үшін қолданылатын компонент.
4.Run(Іске қосу) мәзірі арқылы-
А) программаны іске қосуға және тоқтатуға болады. +
В) нысандарды көшіруге, қиып алып қоюға болады.
С) элементтерді жойып отыруға болады

5. Интерфейс дегеніміз-
А) айнымалыны хабарлау.
В) компьютермен адама арасындағы байланыс. +
С) программалық жасақтама.

б) Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау.(10мин)

ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
Анимация дегеніміз -суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі.Анимация терміні латының «anima»-жан сөзінен шыққын, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді. Анимация құрудың екі жолы бар:
1. Дайын суреттерді қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады.
Классикалық әдіс “gif”файлдары арқылы жасалады.
2. Компьютерлік ойындарды жасауды кадрлық анимациялар деп аталады.
Visual Basic тілінде уақытты пайдаланып анимациялау және Move әдісін қолдануға,және PaintPicture әдісін қолдануға болады.
Мультимедиа дегеніміз-компьютерде аудио және видео ақпараттармен жұмыс істеу технологиясы. Visual Basic тілінде мультимедиа құрылғыларын басқару үшін арнайы MCI интерфейсі қолданылады.
Компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты-қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесін виртуалды шындық деп атаймыз. Модельдеу үдерісінде нысанның түпнұсқасын танып-білу мақсатымен нысан үлгілер құрылады.Үлгіде зерттелу мақсатына қарай түпнұсқаның қасиеттері болуы керек. Компьютерлік модельдеудің түрлері бар.Мысалы, математикалық модельдеуде қандайда бір құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы сипатталса, оның нәтижесін есептеу компьютерсіз күрделі болмақ. Сондай-ақ графикалық моделдеуді алатын болсақ, онда құбылыстың немесе үдерістің көрінуі шешімін табады. Мұндай модельдеу құбылысты күрделілігіне қарай көрнекі түрде ұсыну үшін керек.
Декараттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: Х, У, Z сияқты екені белгілі. Бұл біздің қабылдауымызда нысанның ұзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда осы сипаттамаларға ие бола тұрсада нысан тағы да өзгере алады. Нысанның өзгеруі төртінші өлшем- уақытқа байланысты болады. Бір қалыпты кеңістікті компьютерде модельдеу үшін үш өлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік береді. 3D графика –бұл жасанды заттар мен персанаждарды құру,олардың анимациясын шынайы заттар мен интерьерлерге ұқсастырып жасау. Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейде болады.
1.Қарапайым 3D модельдеу.Үлгілі ықшамдалған пішінде құруға болады.
2.Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ-түйек детальдарының барлығы қамтылады.
Үш өлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимациялауға да болады. 3D анимация дегеніміз не? 3D анимация - үшөлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақыттағы анимация бағыты. 3D анимациясы мультфильмдерде, жарнама роликтерін құруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
1 Анимация дегеніміз?
2 Модельдеу дегеніміз?
3 Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейлері?.
4 3D анимация дегеніміз?
5 Анимация құрудың екі жолы?
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
3D модельдеу және анимация.
VІ. Бағалау.(3мин)
Оқушылардың өздері жинаған смайликтерді қорытындылап, тиісті бағаларын қоямын.
Ашық сабақтар
Ашық сабақтар

Категория: Мұғалімдер

 

Мектептің бірнеше жетістіктері

Автор: admin от 14-05-2016, 06:37, посмотрело: 5457

5
Мектептің бірнеше жетістіктері

Категория: Галерея

 

Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі

Автор: admin от 14-05-2016, 05:25, посмотрело: 11125

13 Оқушылардың құқықтары:
1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;
2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

Оқушылардың міндеттері:

1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.
2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
- үлкендерді құрметтеу;
- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.
7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.
8. Үлкенге - құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

Категория: Оқушыларға

 

Мектептегі үйірмелер

Автор: admin от 14-05-2016, 05:22, посмотрело: 19073

8
Мектептегі үйірмелер
Мектептегі үйірмелер
Мектептегі үйірмелер

Категория: Оқушыларға

 

Ашық сабақтар

Автор: admin от 13-05-2016, 07:22, посмотрело: 5629

26 Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушыларды Паскаль–программалау тілімен,паскаль тілінің негізгі
элементтері және тілдің алфавитімен таныстыру .
2. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу және ойлау
қабілетін, логикасын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта, компьютер, оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.(5мин)
а) Оқушылармен сәлемдесу, журналды толтыру.
б) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
VІ. Бағалау.(3мин)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
а) Оқушыларға тест жұмысын беру.(5мин)
(оқушылар тестті белгілеп болған соң интерактивті тақтадан жауабын көріп өзін-өзі тексеріп балдық жүйеде бал қояды.)
б) Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау.(10мин)

ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
Паскаль тілі 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып –үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған. АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл, қарапайымдылығының арқасында дүние жүзіне тез тараған.
Бұл тілде жазылған программа алдымен трансляцияланады(машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Компьютерде осы уақытта екі нұсқасы болады:
1. алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы;
2. объектік кодтағы жазылған программа.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Белгілі бір мәселені және есептер шығаруға арналған.Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, олардың қалай өңделетінділігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Олар теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Бір жолда бір-бірнеше команда немесе оператар орналаса алады, олардың арасы нүкте үтір(;) арқылы ажыратылады. Бірақ бір жолда бір оператардың тұрғаны дұрыс, себебі түзетуге жеңіл және ыңғайлы.
Паскаль тіліндігі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программа PROGRAM сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Одан кейін сипаттау бөлімі жазылады, онда программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі. Осы бөлімде іс-әрекет, командалар бөлімі орындалады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, end түйінді сөзімен аяқталады.
Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Нәтиже алу (шығару) - аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.
Шартты түрде атқарылу - белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.
Тіл алфавиті
Программаның элементтерін құруда тілдің алфавиті символдар жиынынан тұрады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын бірнеше топқа бөлуге болады: атаулар(идентификатор); цифрлар; айыру белгілері; арнайы символдар.
Атаулар символдары: 26 латын алфавиті(бас және кіші әріптері).
Цифрлар: ондық цифр(1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) және оналтылық цифрлар(ондық цифр және A-дан F-қа дейінгі латын әріптері).
Айыру белгілері: бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілер, ENTER және түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілермен қоршалып, ішіне жазылады, олар бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін.
Айыру белгілері: _(бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте); ; (нүкте үтір); ‘ (апостроф); (,); [,]; {,}.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция(амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амалдар: (+)қосу, (-)алу, (*)көбейту, (/)бөлу
DIV – бүтін бөлу(мыс: 10 DIV 3 – нәтиже 3);
MOD – қалдықты табу(мыс: 10 MOD 3 – нәтиже 1).
Логикалық амалдар:
AND – және(логикалық көбейту);
OR – немесе( логикалық қосу);
NOT – емес(терістеу немесе жоққа шығару);
XOR –арифметикалықнемесе;
SHL – биттер(1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR - биттер(1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
=(тең), <>(тең емес), (үлкен), =(кіші емес, ≥ таңбасының орнына).
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздер үш топқа бөлуге болады: қордағы(резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар, бейстандарт идентификаторлар.
Келтірілген түйінді сөздерді айнымалы атаулар немесе тұтынушы қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға болмайды.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
1.Паскаль тілін кім ұсынған ?
2. Паскаль тіліндігі программа неше бөліктен тұрады?
3. Операторлар бөлімі қандай түйінді сөзбен басталады және аяқталады?
4.Паскаль тілінің алфавитіне нелер жатады?
5. Арнайы символдарға қандай операция(амалдар) белгілері жатады?.
6. Компьютер орындай алатын программа жазу үшін нені білу қажет?
7. Программалау тілінің синтаксисі дегеніміз не?
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
1.Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.
VІ. Бағалау.(3мин)
Оқушылардың өздері жинаған смайликтерді қорытындылап,тиісті бағаларын қоямын.

Тел номер 8 701 824 54 00 8 705 484 77 32


Ашық сабақтар
Ашық сабақтар

Категория: Мұғалімдер