Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

№18 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі ккоммуналдық мемлекеттік мекемесінің біліктілік курсынан өткен мұғалімдер

Автор: admin от 10-02-2017, 04:03, посмотрело: 14977

440 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша

 № Аты-жөні
 Диплом бойынша мамандығы  Курстан өткен жылы

 1  Тағаева Жұмагүл  Бастауыш сынып мұғалімі  2016

2
 Әбдіхалықова Жақсыгүл  Бастауыш сынып мұғалімі  2016

3
 Ағманова Малика
Ағылшын тілі
2016

4
 Ахметова Ғалия
Ағылшын тілі 
2016

5
 Бердешова Дина
Орыс тілі 
2016

 6  Абишева Ақмарал
Орыс тілі
2016

 7  Қозыбеков Муса
Музыка
2016
         
 
Деңгейлік курс бойынша
 № Аты-жөні
 Диплом бойынша мамандығы Курстан өткен жылы
Деңгейі
 1  Сейдимбеков Болатбек
 Математика
2016
1
2
 Бекманов Нұрғазы
 Географияі 2016
1
3
 Ағманова Малика
Ағылшын тілі
2012
3
4
 Ахметова Ғалия
Ағылшын тілі 
2016
3
5
 Есбулова Несібелі
тарих 
2015
2
 6  Зиябеков Нүриддин
Тарих
2012
3
 7  Сапарбаева Жұлдыз
Қазақ тілі
2013
3
 8 Әуелбекова Нұргул
Химия
 2012  3
 9 Байханов Ғабит
Математика
2014
 3
 10
Анашева Перизат
Ағылщын тілі
2013
 3
 11 Дүйсенбаева Ботагөз
География
2014
 3

Категория: Мұғалімдер

 

№18 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі мұғалімдер туралы мәлімет

Автор: admin от 8-02-2017, 23:36, посмотрело: 11186

309 №18 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
2016-2017 оқу жылында мектептің педагогикалық құрамы 54 адам болды.
Оның ішінде:
жоғары білімді -52 ,
арнаулы орта -2

Жоғары біліктілік санатты -7 ,
І біліктілік санатты – 29,
ІІ біліктілік санатты -13,
санаты жоқтар -5

Орташа жүктеме 17,75 сағат
3 “Б” сыныптың жабылуына байланысты 29 сағат қысқартылды,7 “Ә” сыныптағы екіге бөліп оқыту тоқтатылып 8 сағат қысқаруына байланысты орташа сағат жүктеме 18 сағаттан кеміп отыр.
Жалпы сағат саны 741 сағат.
Пән мұғалімдерінің сағат жүктемесі 18 сағат және 18 сағаттан жоғары, штаттық қызметкекерлерге сағат бөлініп берілгендіктен орташа жүктеме 18 сағаттан төмен болып тұр.

Категория: Мұғалімдер

 

Ашық сабақтар

Автор: admin от 14-05-2016, 07:20, посмотрело: 8209

5 Сынып 10 (жаратылыстану–математика бағыты)

Сабақтың тақырыбы: 3D модельдеу және анимация.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушыларды үш өлшемді моделдеу орталығымен таныстыру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу және ойлау
қабілетін, логикасын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта, компьютер, оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.(5мин)
а) Оқушылармен сәлемдесу, журналды толтыру.
б) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
VІ. Бағалау.(3мин)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
а) Оқушыларға тест жұмысын беру.(5мин)
(оқушылар тестті белгілеп болған соң интерактивті тақтадан жауабын көріп өзін-өзі тексеріп балдық жүйеде бал қояды.)
1. Программалау тілі -
А) алгоритмді және алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданылатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл. +
В) белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған программалар жиынтығы.
С) нақты құрылғылар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программа.
2.TextBox( Мәтіндік өріс)-
А) кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданады.
В) сөздерді немесе жазуларды автоматты түрде батырмаға сиятындай етіп өзгертеді.
С) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент. +
3. ListBox-
А) пішінге бірнеше қатарлардан тұратын жазулар тізімін шығаратын компонент. +
В) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.
С) нысандарды көшіруге, қиып алып қою үшін қолданылатын компонент.
4.Run(Іске қосу) мәзірі арқылы-
А) программаны іске қосуға және тоқтатуға болады. +
В) нысандарды көшіруге, қиып алып қоюға болады.
С) элементтерді жойып отыруға болады

5. Интерфейс дегеніміз-
А) айнымалыны хабарлау.
В) компьютермен адама арасындағы байланыс. +
С) программалық жасақтама.

б) Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау.(10мин)

ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
Анимация дегеніміз -суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі.Анимация терміні латының «anima»-жан сөзінен шыққын, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді. Анимация құрудың екі жолы бар:
1. Дайын суреттерді қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады.
Классикалық әдіс “gif”файлдары арқылы жасалады.
2. Компьютерлік ойындарды жасауды кадрлық анимациялар деп аталады.
Visual Basic тілінде уақытты пайдаланып анимациялау және Move әдісін қолдануға,және PaintPicture әдісін қолдануға болады.
Мультимедиа дегеніміз-компьютерде аудио және видео ақпараттармен жұмыс істеу технологиясы. Visual Basic тілінде мультимедиа құрылғыларын басқару үшін арнайы MCI интерфейсі қолданылады.
Компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты-қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесін виртуалды шындық деп атаймыз. Модельдеу үдерісінде нысанның түпнұсқасын танып-білу мақсатымен нысан үлгілер құрылады.Үлгіде зерттелу мақсатына қарай түпнұсқаның қасиеттері болуы керек. Компьютерлік модельдеудің түрлері бар.Мысалы, математикалық модельдеуде қандайда бір құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы сипатталса, оның нәтижесін есептеу компьютерсіз күрделі болмақ. Сондай-ақ графикалық моделдеуді алатын болсақ, онда құбылыстың немесе үдерістің көрінуі шешімін табады. Мұндай модельдеу құбылысты күрделілігіне қарай көрнекі түрде ұсыну үшін керек.
Декараттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: Х, У, Z сияқты екені белгілі. Бұл біздің қабылдауымызда нысанның ұзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда осы сипаттамаларға ие бола тұрсада нысан тағы да өзгере алады. Нысанның өзгеруі төртінші өлшем- уақытқа байланысты болады. Бір қалыпты кеңістікті компьютерде модельдеу үшін үш өлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік береді. 3D графика –бұл жасанды заттар мен персанаждарды құру,олардың анимациясын шынайы заттар мен интерьерлерге ұқсастырып жасау. Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейде болады.
1.Қарапайым 3D модельдеу.Үлгілі ықшамдалған пішінде құруға болады.
2.Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ-түйек детальдарының барлығы қамтылады.
Үш өлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимациялауға да болады. 3D анимация дегеніміз не? 3D анимация - үшөлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақыттағы анимация бағыты. 3D анимациясы мультфильмдерде, жарнама роликтерін құруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
1 Анимация дегеніміз?
2 Модельдеу дегеніміз?
3 Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейлері?.
4 3D анимация дегеніміз?
5 Анимация құрудың екі жолы?
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
3D модельдеу және анимация.
VІ. Бағалау.(3мин)
Оқушылардың өздері жинаған смайликтерді қорытындылап, тиісті бағаларын қоямын.
Ашық сабақтар
Ашық сабақтар

Категория: Мұғалімдер

 

Ашық сабақтар

Автор: admin от 13-05-2016, 07:22, посмотрело: 5631

26 Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушыларды Паскаль–программалау тілімен,паскаль тілінің негізгі
элементтері және тілдің алфавитімен таныстыру .
2. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу және ойлау
қабілетін, логикасын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта, компьютер, оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.(5мин)
а) Оқушылармен сәлемдесу, журналды толтыру.
б) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
VІ. Бағалау.(3мин)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
а) Оқушыларға тест жұмысын беру.(5мин)
(оқушылар тестті белгілеп болған соң интерактивті тақтадан жауабын көріп өзін-өзі тексеріп балдық жүйеде бал қояды.)
б) Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау.(10мин)

ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
Паскаль тілі 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып –үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған. АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл, қарапайымдылығының арқасында дүние жүзіне тез тараған.
Бұл тілде жазылған программа алдымен трансляцияланады(машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Компьютерде осы уақытта екі нұсқасы болады:
1. алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы;
2. объектік кодтағы жазылған программа.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Белгілі бір мәселені және есептер шығаруға арналған.Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, олардың қалай өңделетінділігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Олар теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Бір жолда бір-бірнеше команда немесе оператар орналаса алады, олардың арасы нүкте үтір(;) арқылы ажыратылады. Бірақ бір жолда бір оператардың тұрғаны дұрыс, себебі түзетуге жеңіл және ыңғайлы.
Паскаль тіліндігі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программа PROGRAM сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Одан кейін сипаттау бөлімі жазылады, онда программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі. Осы бөлімде іс-әрекет, командалар бөлімі орындалады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, end түйінді сөзімен аяқталады.
Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Нәтиже алу (шығару) - аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.
Шартты түрде атқарылу - белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.
Тіл алфавиті
Программаның элементтерін құруда тілдің алфавиті символдар жиынынан тұрады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын бірнеше топқа бөлуге болады: атаулар(идентификатор); цифрлар; айыру белгілері; арнайы символдар.
Атаулар символдары: 26 латын алфавиті(бас және кіші әріптері).
Цифрлар: ондық цифр(1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) және оналтылық цифрлар(ондық цифр және A-дан F-қа дейінгі латын әріптері).
Айыру белгілері: бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілер, ENTER және түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілермен қоршалып, ішіне жазылады, олар бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін.
Айыру белгілері: _(бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте); ; (нүкте үтір); ‘ (апостроф); (,); [,]; {,}.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция(амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амалдар: (+)қосу, (-)алу, (*)көбейту, (/)бөлу
DIV – бүтін бөлу(мыс: 10 DIV 3 – нәтиже 3);
MOD – қалдықты табу(мыс: 10 MOD 3 – нәтиже 1).
Логикалық амалдар:
AND – және(логикалық көбейту);
OR – немесе( логикалық қосу);
NOT – емес(терістеу немесе жоққа шығару);
XOR –арифметикалықнемесе;
SHL – биттер(1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR - биттер(1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
=(тең), <>(тең емес), (үлкен), =(кіші емес, ≥ таңбасының орнына).
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген.
Паскаль тіліндегі түйінді сөздер үш топқа бөлуге болады: қордағы(резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар, бейстандарт идентификаторлар.
Келтірілген түйінді сөздерді айнымалы атаулар немесе тұтынушы қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға болмайды.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
1.Паскаль тілін кім ұсынған ?
2. Паскаль тіліндігі программа неше бөліктен тұрады?
3. Операторлар бөлімі қандай түйінді сөзбен басталады және аяқталады?
4.Паскаль тілінің алфавитіне нелер жатады?
5. Арнайы символдарға қандай операция(амалдар) белгілері жатады?.
6. Компьютер орындай алатын программа жазу үшін нені білу қажет?
7. Программалау тілінің синтаксисі дегеніміз не?
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
1.Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.
VІ. Бағалау.(3мин)
Оқушылардың өздері жинаған смайликтерді қорытындылап,тиісті бағаларын қоямын.

Тел номер 8 701 824 54 00 8 705 484 77 32


Ашық сабақтар
Ашық сабақтар

Категория: Мұғалімдер