Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

№18 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің 2017-2018 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстарының есебі. 2017-

Автор: admin от 8-11-2018, 04:20, посмотрело: 6143

7 №18 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің 2017-2018 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстарының есебі.

2017-2018 оқу жылында мектептің педагогикалық құрамы 54 адам болды. Оның ішінде жоғары білімді -52 ,арнаулы орта -2.
Жоғары біліктілік санатты -7 ,
І біліктілік санатты – 29,
ІІ біліктілік санатты -13,
санаты жоқтар -5
Маман кадрлармен қамтамасыз етілуі -100 %

Мектепте 10 әдістемелік бірлестік жұмыс атқарады:

• Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі – 6 адам
• Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі – 4 адам
• Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі - 4 адам
• Математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік
бірлестігі – 8 адам
• Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі – 8 адам.МАДТ-2 адам.
• Тарих, география пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі – 6 адам
• Биология, химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі - 4 адам.
• Музыка, технология, бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі –4 адам.
• Дене шынықтыру,АӘД пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі – 5 адам
• Өзін –өзі тану пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі-3 адам

Мұғалімдер түрлі жаңа технологияларды меңгеріп, оның элементтерін сабақтарында қолданады. Өз жұмыстарында деңгейлі оқыту формаларын қолдана отырып, мұғалімдер қабілеттері,оқу материалдарын меңгеру дәрежелері әр түрлі оқушыларды оқыту жолында барлық қажетті жағдайларды жасады.
МАДТ 1-4 5-11 Жалпы оқушы саны
Оқушылар саны 45 184 236 465
420



Категория: Мектеп

 

.

Автор: admin от 18-02-2017, 09:05, посмотрело: 34756

675
.

Категория: Мектеп

 
 
 

Бейімбет Майлин (1894-1938)

Автор: admin от 12-05-2016, 07:12, посмотрело: 8772

99
Бейімбет Майлин (1894-1938)
Бейімбет Майлин - аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург. Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Тараз ауданы, казіргі Майлин атындағы кеңшарда туды. Әкеден ерте жетім қалған бала жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды, кейін көрші ауылдағы медреседе екі жыл оқиды. 1913-1914 жылдары Троицкідегі "Уазифа" мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде оқиды. Медресе қабырғасында талапты жастармен бірге "Садақ" қолжазба журналын шығарысады. Алғашқы тырнақалды туындысы "Шұғаның белгісі" әңгімесі осы журналда жарияланады. Медреседе белгілі татар жазушылары Мұхит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимовтен сабақ алады, башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен бірге оқиды. Денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмай, Бейімбет ауылға оралып, 1916-1919 жылдары ұстаздық етеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Бейімбет халық жағында болып, өлеңдер жазады. Жаңа үкімет тұсында 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына қатысады. 1925-1934 жылға дейін баспасөзде және баспа орындарында бір түрлі қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы болып істейді. 1938 жылы Бейімбет Майлин өмірі биік белесіне енді шыға бергенде әділетсіз сезілді. Бейімбет Майлин бірі қысқа, бір нұсқа әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі мектебін ашты. Ол елуден аса жарық көрген әңгімелерінде ауыл өмірін бейнелеп, қарапайым қазақ адамының шынайы образын жасады.

Категория: Мектеп

 

Мектеп жаналықтары.

Автор: admin от 11-05-2016, 14:44, посмотрело: 4662

6
Мектеп жаналықтары.
1-наурыз « Алғыс айту » күніне орай мектепке ауылдың құрметті азамат пен азаматшаларын шақырып «Мың алғыс» атты іс-шара өткізді. Іс-шара өте қызықты өтті.
Көктемнің алғашықы мейрамы 8-наурыз қыз-келіншектер мерекесіне орай 8-10 сынып қыздар арасында «Қыз сыны» атты кеш өткізді.
Оқушылар интернеттегі қашықтықтан өткізілетін «КИО», «Инфоурок», «Зият» атты олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Мектепте 407 сайлау учаскесі орналасқан. Наурыз айының 20-шы күні ҚР парламенті мәжілісінің және маслихаттарының депуттаттарын сайлау күні болып өтті.
1- мамыр күні Халықаралық достық күніне орай мектепте «1-Мамыр достық күні» атты іс-шара өтті.
7-мамыр Қарулы күштер күніне және 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Қазақ елі-мәңгі тыныш» атты іс-шара өтті.

Категория: Мектеп