» » №18 Б.Майлин атындағы ЖОМ КММ бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті атқарылатын жұмыстар

 
 
 

№18 Б.Майлин атындағы ЖОМ КММ бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті атқарылатын жұмыстар

Автор: admin от 2-02-2017, 10:48, посмотрело: 6579

7

Оқушылармен  "Ұлдарға кеңес” , "Қыздарға кеңес” клубтарында айына бір рет отырысы өтіледі, АІІБ қызметкерлері және аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу жоспар бойынша өткізіледі;

Мектеп инспекторы, мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бірігіп қыркүйек айында кеңейтілген  жиын өткізіліп, суық қару ұстамау, әлімжеттілік жасамау, бөтен үйге өз үйінің мүшелерінсіз кірмеу, қызбалық жасап төбелесуге немесе лидерлікке таласпау, еңбектің ауыр түрімен айналыспау туралы түсіндіру жұмысы атқарылды. Айына бір рет 8-11 немесе 9-11 сыныптардың оқушыларымен әңгіме өткізілуде;

Оқушылар арасында темекіге, спирттік ішімдікке әуестігін болдырмау мақсатында қазан айында медбикелер мен педагог-психологтың қатысуымен жиын өтілді;

Қараша айында ЖИТС/АИТВ-нің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кезекші мұғалімдердің жұмысы жандандырылуда. Үзіліс кезінде 4 тұрақ бойынша оқушыларды қадағалауда;

Мектепте бейнебақылау қойылған  (уақытша істен шығып тұр.;

Ауыл тұрғындары көп баратын жерлерге

 ескертпе парақтар ілінген;

Ата-аналар жиналысында бала тәрбиесіне

 байланысты баяндама жасалуда;

- Барлық сынып жетекшілері құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы жоспар түзіп , жеке папка арнап жыл бойы жұмыс атқарады;

-Мектептің ер мұғалімдеріне көше бөліп беріп, сол көшеге түнгі мезгілде, демалыс күндері кезекшілікте болады;
-Қараусыз қалған үйлерді ер мұғалімдер арқылы қадағаланып тұрады.
-Бөгде діндерден сақтандыру мақсатында ауыл имамымен, аудандық мешіттің және облыстан теолог маман келіп түсіндіру жұмысын жүргізді.  
Күнде таңертеңмен кезекшілерді әкімшілік кезекші орын орындарына қояды да оқушыны күтіп алуға дайындалады;
Оқушылар сыныбына кіргеннен кейін, кешіккен оқушымен жұмыс жасайды, кешіккен оқушылардың тізімін алып, жетекшілер арқылы ата-анасымен хабарласады.
Содан соң келмеген оқушыларды кезекшілер арқылы анықтап, ата-анасы шақыртылып баласын алып қалғандағы себебі анықталады; Егер ауырып жатса баласының ауырып жатқандығы туралы жазып, жазылған соң жіберетінін көрсетеді, анықтама алып келетіні айтылады.
Үзіліс кезінде мектеп сыртында тұратын кезекшілер, үзіліс кезінде оқушыларды қадағалайды;
Оқушымен жеке жұмыс жүргізіп педагог-психолог оқушы мінезіндегі өзгерісті анықтап береді;
Оқушы мінезінде өзгеріс анықталған жағдайда сыныбымен және ата-аналарымен сөйлесіп, әрі қарай профилактикалық кеңес мүшелерімен кеңесіп әрі қарай жұмыс жасаймыз.
8-11 сынып оқушыларын ер балаларын жеке, қыз балаларын жеке жиын өткізіп құқықбұзушылықтың алдын алуға тырысамыз.

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.