» Материалы за Май 2016 года » Страница 3

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Автор: admin от 12-05-2016, 05:29, посмотрело: 8313

4 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.
1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

2. МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. «Жас Ұланның» мақсаты:
- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
2.2.«Жас Ұланның» міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
3. ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:
- тәрбиелік;
- танымдық;
- коммуникативтік;
- әлеуметтік;
- ақпараттық;
- шығармашылық.
3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:
- азаматтық сана-сезім және жалпы адам құндылықтардың басымдылығы;
- еріктілік және қол жетімділік;
- ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;
- ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі;
- қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.

4. МҮШЕЛІК, ОҒАН ҚАБЫЛДАНУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ТӘРТІБІ
4.1. «Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.
4.2. Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
4.3. «Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.
4.4. «Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.
4.5.Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.

5. «ЖАС ҰЛАН» МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:
- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;
- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;
- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);
- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;
- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;
5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;
- «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;
- «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;
- оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;
- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;
- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.

6. РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
6.1. «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.
6.2. Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.
Ту - тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.
Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады.
Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады.
Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушыі мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір.
6.3. Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.
6.4. Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.
6.5. «Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.


7. ҚҰРЫЛЫМЫ
7.1. «Жас Ұлан» негізі «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы болып табылады.
7.2. Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады.
7.3. «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады.
7.4. «Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп комитеті) «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі.
7.5. «Жас Ұлан» көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады.
7.6. Атқарушы орган – Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны (педагог, тәлімгер, ұйымдастырушы - әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан) Мектеп комитетінің жалпы жиналысында «Жас Ұлан» аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді.
7.7. Аудандық/Қалалық атқарушы хатшыны аудандық/қалалық Кеңестің шешімімен Аудандық/қалалық білім басқармасы және Облыстық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.
7.8. Облыстық атқарушы хатшыны облыстық Кеңестің шешімімен облыстық білім басқармасы және Республикалық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.
7.9. Аудандық/Қалалық Кеңес құрамына Мектеп комитеттерінің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.
7.10. Облыстық Кеңес құрамына Аудандық/Қалалық Кеңестердің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

8. БАСҚАРУШЫ ОРГАНДАР
8.1. Жоғары кеңесуші органы - «Жас Ұлан» Республикалық Құрылтайы болып табылады. Құрылтай кемінде жылына бір рет өткізіледі.
8.1.1. Құрылтайды шақыру, күн тәртібін, регламент, өкілеттілік нормасы мен делегаттарды сайлау тәртібін Республикалық Кеңес анықтап, жариялайды. Оны төтенше және кезектен тыс шақырылымдарды есептемегенде, өткізілу күнінен екі ай мерзімге дейін уақытта хабарлауы тиіс.
8.1.2. Төтенше және кезектен тыс Құрылтай Кеңес төрағасы немесе Кеңес мүшелерінің 1/3-інің бастамасымен Кеңес шешімі негізінде шақырылады.
8.2. Басқару органы - Республикалық Кеңес.
8.2.1. Республикалық Кеңес отырысы жылына үш рет, соның ішінде күнтізбелік жыл соңында Кеңестің есеп беруі өткізіледі. Кеңес төрағасы өз бастамасымен немесе Кеңес мүшелерінің 1/3-інің бастамасымен кезектен тыс Кеңес отырысын шақыра алады. Кеңес шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Өткізу тәртібі мен дауыс беру түрін Кеңес мүшелері алдын ала жұмыстың басында белгілейді.
8.2.2.Кеңес құзіретіне келесілер кіреді:
- «Жас Ұлан» ережесін бекіту;
- ұйым бюджеті мен жылдық қаржылық есептерін бекіту;
- ұйым Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастамасы;
-ұйымның бағдарламасы мен негізгі бағыттарын анықтау және оларды «Жас Ұлан» Құрылтайына ұсыну;
- «Жас Ұлан» Құрылтайының күн тәртібін бекіту;
- Төтенше және кезектен тыс Құрылтайды өткізу туралы шешім қабылдау;
- Кеңес Төрағасын 2 жыл мерзіміне сайлау;
- Ұйымның құрметті мүшелерін қабылдау;
- Ұйымның бөлімшелерін құру және қысқарту туралы шешім қабылдау, Ұйым бөлімшелері туралы Ережені бекіту;
- «Жас Ұлан» қызметіне байланысты басқа да мәселелер.
8.2.3. Кеңестің құрамы делегаттар қатарынан анықталып, сайланады (әр облыстан, Алматы және Астана қалаларының атқарушы хатшылары мен «Ұлан басшыларын» қосқанда 2 адамнан)
8.2.4. Кеңестің өкілеттілік мерзімі – екі жыл.
8.3. Кеңестің жалпы қызметіне Кеңес Төрағасы жетекшілік етеді.
8.3.1. Кеңес төрағасының өкілеттігі Құрылтайдың сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын тоқтатылады;
8.3.2. Кеңес төрағасы келесідей қызметтерді атқарады:
- Құрылтайда есеп береді;
- төтенше және кезектен тыс Кеңес отырысын өткізу бастамасын айтады;
- Кеңестің қызметін үйлестіреді және Кеңес отырыстарына басшылық етеді;
- «Жас Ұлан» қызметін ұзақ мерзімді жоспарлау барысын үйлестіреді;
- мемлекеттік және басқада мекемелер мен ұйымдармен қарым-қатынаста «Жас Ұланның» ресми өкілі болады;
- ұйым қызметін басқару, штаттық кесте және лауазымдық нұсқаулықтарды атқарушы директордың ұсынуымен бекітеді;
- ұйым атынан сенімхатсыз әрекет етеді.
8.3.3. Кеңес төрағасының орынбасарлары болады. Орынбасарларды «Жас Ұлан» Кеңесі сайлайды.
8.4. Атқарушы орган – Атқарушы директорат. Оны Атқарушы директор басқарады.
8.4.1. Атқарушы директорды Төрағаның ұсынымы негізінде Республикалық Кеңес тағайындайды.
8.4.2. Атқарушы директор ұйым қызметін оперативті басқаруды жүзеге асырады, Құрылтайға, Кеңеске, Кеңес төрағасына есеп береді, олардың шешімін орындайды. Атқарушы директор ұйым алдында қызметінің нәтижесі мен заңдылығы бойынша жауапты.
8.4.3. Атқарушы директор құзіретіне:
- өз мүлкі аясында ұйым қызметіне қажетті материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді;
- жарғыдағы қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздері мен материалдық құралдарды тарту;
- Кеңес пен Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс отырыстарын ұйымдастыру;
- бекітілген бюджетке сәйкес мүлік пен қаражатқа иелік ету;
- кадрлық мәселелерді шешу, орынбасарлары мен аппарат құрылымының жетекшілерін Кеңес Төрағасының келісімімен тағайындайды;
- ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, олардың ауысуы мен жұмыстан шығу туралы бұйрық шығарады, атқарушы директорат құзіреті шеңберінде барлық қызметкерлерге орындауға міндетті талаптар жасайды, сонымен қатар келісім шарт негізінде қызметкерлерді қабылдайды;
- еңбекақы жүйесін анықтайды, сыйақы беру, мадақтау шараларын қарастырады және тәртіптік сөгіс жариялайды;
- ұйым атынан келісім-шарт жасайды;
- Кеңестің және Құрылтайдың құзіретіне кірмейтін басқа да өкілеттікті жүргізеді.
8.4.4. Атқарушы директор өз уәкілдігін немесе бір бөлігін өзінің орынбасарларына беруге құқылы.
8.4.5. Атқарушы директор өз қызметін жүзеге асыра алмағанда, оның қызметі жаңа директорды сайлағанға дейін орынбасарына жүктеледі.
8.4.6. Атқарушы директор қызметінен Кеңестің сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын босатылады.
9. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ
9.1. «Жас Ұлан» қызметі Бала құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасының Заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен жас ұрпақты тәрбиелеу саласында өзара әрекеттеседі.
9.2. «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қатысады.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

Автор: admin от 12-05-2016, 04:35, посмотрело: 8045

4 1. Мектепттің қоғамдық өміріне қатысуға;
2. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.

3. «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті.

1 Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
2 Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
3 Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
4 Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
5 Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
6 Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
7 Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
8 Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
9 Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
10 Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
11 Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
12 Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
13 Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
14 Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.

Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

1 Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
2 Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
3 Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
4 Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
5 Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.
6 Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
7 Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
8 Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
9 Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
10 Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.
11 "Болашақ мектебі-бүгін" жобасы аясында енгізілген оқушы куәлігіне ата-ана ай сайын төлем төлеуге міндетті.(Себебі оқушы мектептен кіріп-шыққаны туралы смс хабарлама түседі)

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

Автор: admin от 12-05-2016, 04:32, посмотрело: 5595

2 1. Мектепттің қоғамдық өміріне қатысуға;
2. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.

3. «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті.

Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.

Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.
Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.
"Болашақ мектебі-бүгін" жобасы аясында енгізілген оқушы куәлігіне ата-ана ай сайын төлем төлеуге міндетті.(Себебі оқушы мектептен кіріп-шыққаны туралы смс хабарлама түседі)

Категория: ---

 

Қоңырау кестесі

Автор: admin от 11-05-2016, 15:53, посмотрело: 6072

6 Басталуы Аяқталуы Үзіліс
1-ауысым
1 08:30 09:15 5
2 09:20 10:05 5
3 10:10 10:55 15
4 11:10 11:55 5
5 12:00 12:45 5
6 12:50 13:35
2-ауысым
1 14:00 14:45 5
2 14:50 15:35 15
3 15:50 16:35 5
4 16:40 17.25 5
5 17:30 18:15 5
6 18:20 19:05

Категория: Оқушыларға

 

ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Автор: admin от 11-05-2016, 15:29, посмотрело: 10433

10
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.
Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар
Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек
Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.
Көз шаршаса не істеу керек?
Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара;
көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.
Күн тәртібі
Күніңді үшке бөл:
емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.
Тамақтану
Күніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.
Дайындалатын орын
Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.
Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
1. Ақылды болғың келсе – ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.
2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.
3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.
4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.
5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.
6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті – ойлаудың қасиеті.
7. Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.
8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.
2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.
3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.
4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.
5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.
6. Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.
Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау
1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау
2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы, өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.
3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара).
4. Теледидар қарауды барынша шекте.

Категория: Бітірушілерге

 

Мектеп, оқушы, ата - ана: ынтымақтастық қырлары

Автор: admin от 11-05-2016, 15:19, посмотрело: 31618

41 Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмысбасты болуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды.

- Жеке кездесу;
- әңгімелер мен лекциялар;
- құқықтық лекторийлер
- ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар
Ақпараттық - әдістемелік жұмыс – ата - аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарында мектеп өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата - аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жаднамалар шығару:
- ата - аналарға арналған қабырға тақтасы;
- ата - аналар университеті;
- маман – дәрігерлермен, заңгерлермен кездесулер;
- балалардың сабақтарына;
- олимпиада, кештерге, апталықтарға қатысу
- ата - аналардың ашық есік күніне қатысу.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс - әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата - аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Диагностикалық зерттеулер:
- сыныпқа көмегі;
- өз баласына ықпалы;
- мұғаліммен қарым – қатынасы;
- ата - аналарды топтау;
- мектептегі оқу - тәрбие үрдісіне көз қарасы;

Бұқаралық – мәдени жұмыс ата - аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі іс - шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:
- мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу;
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын жүргізу;
- мектептің жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу;
- кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу;
- іс - шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек көрсету.
Оқушылардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруда ата - аналармен ынтымақтастықта өткізілетін жұмыс түрлерінен «Аналар мектебі» мен «Аталар мектебінің», ата - аналардың кәсіптік бағдар беру жұмыстарына байланысты өткізілетін «Мамандығым - мақтанышым» кештері, жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш қылатын «Мен және менің жанұям» көрмесін, Республика күніне арналған, ата - аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрмеңкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы, спорт жарысы «Жұлдызды сәт» мерекелерін атап айтуға болады. Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір –қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата - аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.



Тақырыбы: "Баланың дамуындағы қиындықтарға байланысты
ата-аналарға кеңес беру стратегиясы”.

Баланың өмірге ақыл-ой кемістігімен келуі, әр отбасының өзара қарым-қатынасына қиындық әкеледі. Отбасы қиыншылығы мен кезеңі баланың кемшілігінің қаншалықты ауырлығы ғана емес, ата-ананың шама-шарқымен бала жағдайын түсініп, оған бар қамқоршылығын ұсынуы. Психологиялық кеңестер өткізу нәтижесінде біздің байқағанымыз ата–аналардың бала жағдайына көзқарасы түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Осыған сүйене отырып бұл кезеңді төрт этапқа бөлуге болады.
1 этап – "Эмоциялық шошыну”
Болған жағдайды қабылдау ата-аналардың сезімдерінің келеңсіз күйлерін, шарасыздық танытып,тіпті(көбіне әкесі) отбасын тастап кетуге дейін баруы. Ата-аналардың уайымдауына тағы бір себеп, баланың ауруы туралы нақты деректермен жабдықталмауы. Көбіне отбасы, оқу орнымен қатынасты жоғалтып, өздерімен болады. Баланың ауруы туралы теріс пікір,оны емдеу мен тәрбиелеудің дұрыс емес жолдары қалыптасады. Диагнозға қарсылық, берілген емді қабылдамау, көптеген мамандармен кеңесу, яғни ауруды мойындамау, баланы мүмкіндігінше емдеп жазуға болады деген пікірде болуы. Әрине бұл кезеңде психологтардың міндеті; эмоциялық қолдау көрсету, ата-аналардың қарым-қатынасына түсініктікпен қарауға көңіл бөлу .
Мамандардың көмегі:
Көмек жолдарының нормасы: ата-аналар семинарына шақыру, яғни баланың жағдайын басынан өткізген ата-аналардың тәжірибесімен бөлісу, жеке кеңес беру.
2 –этап "Шын жағдайды қабылдамау”
Ата-аналардың шошынуы көбіне негативті жағдайды тудырады. Диагнозды қабылдамау жолдары, баланы дәрігерге қаратпау, тексеруге қарсылық білдіруі. Кәсіби дайындықпен жеке ресурстық білім деңгейінің нашарлығы баланың ішкі дамуын тежейді. Нәтижесінде отбасының психологиялық келеңсіз жағдайының өсуі, олардың жаңа емдеу жолдарын іздеуге мәжбүр етеді. Кінәлі жандарды тауып, оларға шара қолдануды, тіпті ғылыми және лабораториялық орталықтардан бұл "диагнозды” алып тастауды талап етеді. Ал,кей ата-аналар бұл "диагнозды” қабылдайды, бірақ болған жағдайға шарасыздық танытып,мүмкіндік жасамайды. Бұл жағдайда психологтың міндеті – ата-аналармен баланың мүмкіндігін пайдаланып,даму потенциалын жасау,айналамен қарым-қатынас жолдарына тәрбиелеу.
Мамандар кеңесі.
а) aта-аналармен бірге жасалатын әрекеттердің бағалылығын анықтау баланың психологиялық дамуындағы өзгерістерді бағалау.
б) ата-аналардың, баланың жұмыс жасау белсенділігін арттыру.
в) мүгедек балаларды қарапайымдылыққа үйрету, оларға демалыс ұйымдастыру, бала-бақша тәрбие орындарына жолдама беру.
Көмек көрсету түрлері: отбасылық кеңес, балаға көмек көрсету және қамқорлық жасау жолдарына әр отбасының мүшелерін оқыту, өмір тіршілігін бірлесе жоспарлау.
3- этап "Созылмалы тоқырау”
Баланың қажетті жақсаруының болмауы, ата-аналардың белсенділігін тежейді. Алдағы үмітке күш жұмсауды, уақыт жіберуді бос әурешілік деп ойлау пайда болады. Жағдайды шешуге ниеттері жойылып, болғанға дейін көнуге бел буады. Тіпті, осы жағдайды пайдаланып, өздерінің тәртібі нашарлайды (мысалы,ішімдікке әуестенуі). Осындай мезгілде психолог басқа салалардың мамандарынан көмек сұрап, комплексті жұмыс жасау арқылы отбасы жандарының моральдік, рухани байланысын қалыптастырады.
Қажетті көмек:
- баланың психофизиологиялық дамуының актуалдығын бағалау,ата-аналармен мәселелерді шешу үшін стратегиялық мақсаттар қойып,қызметті әркімге жеке бөлу.
- ата-аналардың сұрақтарына жауап беру .
- отбасының әлеуметтік байланыс ортасын кеңейтуге көмектесу.
- көмек көрсету формасы: отбасылық немесе жеке кеңес беру, ата-аналар топтарымен кездесу өткізу, басқада қызығушылық білдіретін мамандармен кездесу.

4- этап "Жағдаятты түсіну”
Бұл кезеңде ата-аналарға баланың тұрмыс тіршілігін жеңілдету үшін бар жеке қабілетті, яғни, тұлғалық коммуникативтік, тәжірибелік және кәсіби деңгейді пайдалану қажеттілігі айтылады. Негізгі көрініс ата-ананың мамандардан кеңес сұрап, өз тараптарынан ізденіс көрсетуі бұл жағдаятты бақылап, баланың қызығушылығымен жұмыс жүргізуі. Бала қиындық туғызушы ғана емес, қуанышты тудыруға мүмкіндігі барын біліп, басқада осындай отбасыларына хабарласып қиындықтың жою жолдарын қарастырады. Негізгі тіректі ата-аналар баланың өздігінше өмір сүре білуіне, әлеуметтік өмірде ешкімнің көмегінсіз шешім таба білуіне үйретуге назар аударады. Психологтың міндеті - әлеуметтік тұрғыда баланың жетілуіне ата-аналардың керек екендігін, шығармашылық дамумен үміт ете білуіне, ”дұрыс” бағыт бере білуі.
Көмек көрсету түрлері: Тәжірибемен бөлісу,біліммен, диалог жүргізу, бірігіп қызмет ету.
Ата-аналармен толық жұмыс жүргізу мамандардың негізгі мақсаты болып табылады. Жеке баланың психологиялық - педагогикалық дамуына байланысты отбасының көмегімен оқу мен тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет. Коррекциялық көмек жүргізу үйге берілген тапсырмамен шектелмейді, керекті жаттығулардың түрлерімен дағдыландыру бірте-бірте қалыптасады. Белгілі уақыт аралығында әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолдану арқылы ата-аналар нәтижеге жетеді. Оқытушымен бірігіп балаға түзеу, көмек беру, олардың тыңдау, көру, бағыну қабілеттерін дамыту үшін жұмыс жүргізіледі.
- аурудың пайда болуы мен оның емдеу мен түзеу жолдарын ата-аналарға түсіндіріп хабарлау.
- баланы күту жолдарын ата-аналарды арнайы дағдыларға үйрету.
- бір қалыпты, тыныш жағдай жасау жолдарын қалыптастыру.
Мектеп пен ата - аналардың жас жеткіншек бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді алыптастырудағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүргізілетін жұмыстар мынадай бағыттарда болуы мүмкін:
1. Әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары
2. Психологиялық – педагогикалық кеңес беру жұмысы
3. Ақпараттық - әдістемелік жұмыс
4. Диагностикалық талдау
5. Бұқаралық – мәдени жұмыс.
- құқықтық тәрбие жөніндегі кеңес
-салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұйым
- Аналар мектебі
- Аталар мектебі
- Қайырымдылық қоры.
Психологиялық – педагогикалық кеңес беру жұмысы – ата - аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез - құлқын білуіне сай, оларға ағартушылық көмек көрсету:
Әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары – мектептің және сыныптың ата - аналар комитеттерінің іс - әрекетін ұйымдастыру, ата - аналар қауымының өкілдерін мектептің жұмысшы ұйымдарына тарту:
Халық педагогикасы тұрмыс-тіршіліктің ешбір қырын көзден таса қалдырмайды. Байлық қуып, басын қорлыққа байлаушыларды да халық жақтырмайтынын аңдатады:"Қанағатшылға қадамның бәрі – жақсылық”. Барға көңілі көншіп, кикілжіңсіз ғұмыр кешетін-дердің асығы түгел. Өйткені "Қанағат кеткеннен қасиет қашады”.
(М.Әлімбаев "Халық – ғажап тәлімгер”, Алматы "Рауан” 1994. 53-бет)

Ұлттық педагогикадан:

- Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла
- Құндақ тәрбиесінен мектепке дейінгі тәрбие
- Үш жастан сана оянып, 6 жасқа дейін ақыл кіретін кезең

Қанатты сөздер: Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы ұйыту оңай.
Сенека

* Он бес жастан құрбыңдай сыйлас («Он үште отау иесі» болар тұлғаның ой-санасы мен мінез-құлқының, ар-ожданының қалыптасуын қадағалай отырып, кемшілік объектісіне бағдарлау).

Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
Әл-Фараби

Категория: Ата-аналарға

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 11-05-2016, 15:10, посмотрело: 7810

7
Мекен жайымыз
[ОҚО, Мақтарал ауданы, "Жаңа ауыл" елді мекені, "Әдіхалық" ауылы. Б. Майлин көшесі
Байланыс телефоны: +7 (725) 24-5-67-91
Е-mail: b.maylin18@mail.ru

Категория: Мекен жайымыз

 

Мектеп жаналықтары.

Автор: admin от 11-05-2016, 14:44, посмотрело: 4661

6
Мектеп жаналықтары.
1-наурыз « Алғыс айту » күніне орай мектепке ауылдың құрметті азамат пен азаматшаларын шақырып «Мың алғыс» атты іс-шара өткізді. Іс-шара өте қызықты өтті.
Көктемнің алғашықы мейрамы 8-наурыз қыз-келіншектер мерекесіне орай 8-10 сынып қыздар арасында «Қыз сыны» атты кеш өткізді.
Оқушылар интернеттегі қашықтықтан өткізілетін «КИО», «Инфоурок», «Зият» атты олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Мектепте 407 сайлау учаскесі орналасқан. Наурыз айының 20-шы күні ҚР парламенті мәжілісінің және маслихаттарының депуттаттарын сайлау күні болып өтті.
1- мамыр күні Халықаралық достық күніне орай мектепте «1-Мамыр достық күні» атты іс-шара өтті.
7-мамыр Қарулы күштер күніне және 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Қазақ елі-мәңгі тыныш» атты іс-шара өтті.

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед