» Материалы за 14.05.2016

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ашық сабақтар

Автор: admin от 14-05-2016, 07:20, посмотрело: 8199

5 Сынып 10 (жаратылыстану–математика бағыты)

Сабақтың тақырыбы: 3D модельдеу және анимация.
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Оқушыларды үш өлшемді моделдеу орталығымен таныстыру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу және ойлау
қабілетін, логикасын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрал: интерактивті тақта, компьютер, оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.(5мин)
а) Оқушылармен сәлемдесу, журналды толтыру.
б) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
VІ. Бағалау.(3мин)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(15мин)
а) Оқушыларға тест жұмысын беру.(5мин)
(оқушылар тестті белгілеп болған соң интерактивті тақтадан жауабын көріп өзін-өзі тексеріп балдық жүйеде бал қояды.)
1. Программалау тілі -
А) алгоритмді және алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданылатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл. +
В) белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған программалар жиынтығы.
С) нақты құрылғылар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программа.
2.TextBox( Мәтіндік өріс)-
А) кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданады.
В) сөздерді немесе жазуларды автоматты түрде батырмаға сиятындай етіп өзгертеді.
С) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент. +
3. ListBox-
А) пішінге бірнеше қатарлардан тұратын жазулар тізімін шығаратын компонент. +
В) қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.
С) нысандарды көшіруге, қиып алып қою үшін қолданылатын компонент.
4.Run(Іске қосу) мәзірі арқылы-
А) программаны іске қосуға және тоқтатуға болады. +
В) нысандарды көшіруге, қиып алып қоюға болады.
С) элементтерді жойып отыруға болады

5. Интерфейс дегеніміз-
А) айнымалыны хабарлау.
В) компьютермен адама арасындағы байланыс. +
С) программалық жасақтама.

б) Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау.(10мин)

ІІІ. Жаңа сабақ.(15мин)
Анимация дегеніміз -суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі.Анимация терміні латының «anima»-жан сөзінен шыққын, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді. Анимация құрудың екі жолы бар:
1. Дайын суреттерді қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады.
Классикалық әдіс “gif”файлдары арқылы жасалады.
2. Компьютерлік ойындарды жасауды кадрлық анимациялар деп аталады.
Visual Basic тілінде уақытты пайдаланып анимациялау және Move әдісін қолдануға,және PaintPicture әдісін қолдануға болады.
Мультимедиа дегеніміз-компьютерде аудио және видео ақпараттармен жұмыс істеу технологиясы. Visual Basic тілінде мультимедиа құрылғыларын басқару үшін арнайы MCI интерфейсі қолданылады.
Компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты-қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесін виртуалды шындық деп атаймыз. Модельдеу үдерісінде нысанның түпнұсқасын танып-білу мақсатымен нысан үлгілер құрылады.Үлгіде зерттелу мақсатына қарай түпнұсқаның қасиеттері болуы керек. Компьютерлік модельдеудің түрлері бар.Мысалы, математикалық модельдеуде қандайда бір құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы сипатталса, оның нәтижесін есептеу компьютерсіз күрделі болмақ. Сондай-ақ графикалық моделдеуді алатын болсақ, онда құбылыстың немесе үдерістің көрінуі шешімін табады. Мұндай модельдеу құбылысты күрделілігіне қарай көрнекі түрде ұсыну үшін керек.
Декараттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: Х, У, Z сияқты екені белгілі. Бұл біздің қабылдауымызда нысанның ұзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда осы сипаттамаларға ие бола тұрсада нысан тағы да өзгере алады. Нысанның өзгеруі төртінші өлшем- уақытқа байланысты болады. Бір қалыпты кеңістікті компьютерде модельдеу үшін үш өлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік береді. 3D графика –бұл жасанды заттар мен персанаждарды құру,олардың анимациясын шынайы заттар мен интерьерлерге ұқсастырып жасау. Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейде болады.
1.Қарапайым 3D модельдеу.Үлгілі ықшамдалған пішінде құруға болады.
2.Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ-түйек детальдарының барлығы қамтылады.
Үш өлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимациялауға да болады. 3D анимация дегеніміз не? 3D анимация - үшөлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақыттағы анимация бағыты. 3D анимациясы мультфильмдерде, жарнама роликтерін құруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.(5мин)
1 Анимация дегеніміз?
2 Модельдеу дегеніміз?
3 Үш өлшемді модельдеу әртүрлі деңгейлері?.
4 3D анимация дегеніміз?
5 Анимация құрудың екі жолы?
V. Үй тапсырмасын беру.(2мин)
3D модельдеу және анимация.
VІ. Бағалау.(3мин)
Оқушылардың өздері жинаған смайликтерді қорытындылап, тиісті бағаларын қоямын.
Ашық сабақтар
Ашық сабақтар

Категория: Мұғалімдер

 

Мектептің бірнеше жетістіктері

Автор: admin от 14-05-2016, 06:37, посмотрело: 5455

5
Мектептің бірнеше жетістіктері

Категория: Галерея

 

Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі

Автор: admin от 14-05-2016, 05:25, посмотрело: 11124

13 Оқушылардың құқықтары:
1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;
2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

Оқушылардың міндеттері:

1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.
2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
- үлкендерді құрметтеу;
- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.
7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.
8. Үлкенге - құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

Категория: Оқушыларға

 

Мектептегі үйірмелер

Автор: admin от 14-05-2016, 05:22, посмотрело: 19065

8
Мектептегі үйірмелер
Мектептегі үйірмелер
Мектептегі үйірмелер

Категория: Оқушыларға