» Материалы за 11.05.2016

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қоңырау кестесі

Автор: admin от 11-05-2016, 15:53, посмотрело: 6056

6 Басталуы Аяқталуы Үзіліс
1-ауысым
1 08:30 09:15 5
2 09:20 10:05 5
3 10:10 10:55 15
4 11:10 11:55 5
5 12:00 12:45 5
6 12:50 13:35
2-ауысым
1 14:00 14:45 5
2 14:50 15:35 15
3 15:50 16:35 5
4 16:40 17.25 5
5 17:30 18:15 5
6 18:20 19:05

Категория: Оқушыларға

 

ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Автор: admin от 11-05-2016, 15:29, посмотрело: 10418

10
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.
Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар
Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек
Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.
Көз шаршаса не істеу керек?
Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара;
көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.
Күн тәртібі
Күніңді үшке бөл:
емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.
Тамақтану
Күніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.
Дайындалатын орын
Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.
Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
1. Ақылды болғың келсе – ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.
2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.
3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.
4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.
5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.
6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті – ойлаудың қасиеті.
7. Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.
8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.
2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.
3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.
4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.
5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.
6. Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.
Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау
1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау
2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы, өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.
3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара).
4. Теледидар қарауды барынша шекте.

Категория: Бітірушілерге

 

Мектеп, оқушы, ата - ана: ынтымақтастық қырлары

Автор: admin от 11-05-2016, 15:19, посмотрело: 31616

41 Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмысбасты болуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды.

- Жеке кездесу;
- әңгімелер мен лекциялар;
- құқықтық лекторийлер
- ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар
Ақпараттық - әдістемелік жұмыс – ата - аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарында мектеп өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата - аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жаднамалар шығару:
- ата - аналарға арналған қабырға тақтасы;
- ата - аналар университеті;
- маман – дәрігерлермен, заңгерлермен кездесулер;
- балалардың сабақтарына;
- олимпиада, кештерге, апталықтарға қатысу
- ата - аналардың ашық есік күніне қатысу.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс - әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата - аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Диагностикалық зерттеулер:
- сыныпқа көмегі;
- өз баласына ықпалы;
- мұғаліммен қарым – қатынасы;
- ата - аналарды топтау;
- мектептегі оқу - тәрбие үрдісіне көз қарасы;

Бұқаралық – мәдени жұмыс ата - аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі іс - шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:
- мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу;
- өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын жүргізу;
- мектептің жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу;
- кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу;
- іс - шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек көрсету.
Оқушылардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруда ата - аналармен ынтымақтастықта өткізілетін жұмыс түрлерінен «Аналар мектебі» мен «Аталар мектебінің», ата - аналардың кәсіптік бағдар беру жұмыстарына байланысты өткізілетін «Мамандығым - мақтанышым» кештері, жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш қылатын «Мен және менің жанұям» көрмесін, Республика күніне арналған, ата - аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрмеңкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы, спорт жарысы «Жұлдызды сәт» мерекелерін атап айтуға болады. Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір –қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата - аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.



Тақырыбы: "Баланың дамуындағы қиындықтарға байланысты
ата-аналарға кеңес беру стратегиясы”.

Баланың өмірге ақыл-ой кемістігімен келуі, әр отбасының өзара қарым-қатынасына қиындық әкеледі. Отбасы қиыншылығы мен кезеңі баланың кемшілігінің қаншалықты ауырлығы ғана емес, ата-ананың шама-шарқымен бала жағдайын түсініп, оған бар қамқоршылығын ұсынуы. Психологиялық кеңестер өткізу нәтижесінде біздің байқағанымыз ата–аналардың бала жағдайына көзқарасы түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Осыған сүйене отырып бұл кезеңді төрт этапқа бөлуге болады.
1 этап – "Эмоциялық шошыну”
Болған жағдайды қабылдау ата-аналардың сезімдерінің келеңсіз күйлерін, шарасыздық танытып,тіпті(көбіне әкесі) отбасын тастап кетуге дейін баруы. Ата-аналардың уайымдауына тағы бір себеп, баланың ауруы туралы нақты деректермен жабдықталмауы. Көбіне отбасы, оқу орнымен қатынасты жоғалтып, өздерімен болады. Баланың ауруы туралы теріс пікір,оны емдеу мен тәрбиелеудің дұрыс емес жолдары қалыптасады. Диагнозға қарсылық, берілген емді қабылдамау, көптеген мамандармен кеңесу, яғни ауруды мойындамау, баланы мүмкіндігінше емдеп жазуға болады деген пікірде болуы. Әрине бұл кезеңде психологтардың міндеті; эмоциялық қолдау көрсету, ата-аналардың қарым-қатынасына түсініктікпен қарауға көңіл бөлу .
Мамандардың көмегі:
Көмек жолдарының нормасы: ата-аналар семинарына шақыру, яғни баланың жағдайын басынан өткізген ата-аналардың тәжірибесімен бөлісу, жеке кеңес беру.
2 –этап "Шын жағдайды қабылдамау”
Ата-аналардың шошынуы көбіне негативті жағдайды тудырады. Диагнозды қабылдамау жолдары, баланы дәрігерге қаратпау, тексеруге қарсылық білдіруі. Кәсіби дайындықпен жеке ресурстық білім деңгейінің нашарлығы баланың ішкі дамуын тежейді. Нәтижесінде отбасының психологиялық келеңсіз жағдайының өсуі, олардың жаңа емдеу жолдарын іздеуге мәжбүр етеді. Кінәлі жандарды тауып, оларға шара қолдануды, тіпті ғылыми және лабораториялық орталықтардан бұл "диагнозды” алып тастауды талап етеді. Ал,кей ата-аналар бұл "диагнозды” қабылдайды, бірақ болған жағдайға шарасыздық танытып,мүмкіндік жасамайды. Бұл жағдайда психологтың міндеті – ата-аналармен баланың мүмкіндігін пайдаланып,даму потенциалын жасау,айналамен қарым-қатынас жолдарына тәрбиелеу.
Мамандар кеңесі.
а) aта-аналармен бірге жасалатын әрекеттердің бағалылығын анықтау баланың психологиялық дамуындағы өзгерістерді бағалау.
б) ата-аналардың, баланың жұмыс жасау белсенділігін арттыру.
в) мүгедек балаларды қарапайымдылыққа үйрету, оларға демалыс ұйымдастыру, бала-бақша тәрбие орындарына жолдама беру.
Көмек көрсету түрлері: отбасылық кеңес, балаға көмек көрсету және қамқорлық жасау жолдарына әр отбасының мүшелерін оқыту, өмір тіршілігін бірлесе жоспарлау.
3- этап "Созылмалы тоқырау”
Баланың қажетті жақсаруының болмауы, ата-аналардың белсенділігін тежейді. Алдағы үмітке күш жұмсауды, уақыт жіберуді бос әурешілік деп ойлау пайда болады. Жағдайды шешуге ниеттері жойылып, болғанға дейін көнуге бел буады. Тіпті, осы жағдайды пайдаланып, өздерінің тәртібі нашарлайды (мысалы,ішімдікке әуестенуі). Осындай мезгілде психолог басқа салалардың мамандарынан көмек сұрап, комплексті жұмыс жасау арқылы отбасы жандарының моральдік, рухани байланысын қалыптастырады.
Қажетті көмек:
- баланың психофизиологиялық дамуының актуалдығын бағалау,ата-аналармен мәселелерді шешу үшін стратегиялық мақсаттар қойып,қызметті әркімге жеке бөлу.
- ата-аналардың сұрақтарына жауап беру .
- отбасының әлеуметтік байланыс ортасын кеңейтуге көмектесу.
- көмек көрсету формасы: отбасылық немесе жеке кеңес беру, ата-аналар топтарымен кездесу өткізу, басқада қызығушылық білдіретін мамандармен кездесу.

4- этап "Жағдаятты түсіну”
Бұл кезеңде ата-аналарға баланың тұрмыс тіршілігін жеңілдету үшін бар жеке қабілетті, яғни, тұлғалық коммуникативтік, тәжірибелік және кәсіби деңгейді пайдалану қажеттілігі айтылады. Негізгі көрініс ата-ананың мамандардан кеңес сұрап, өз тараптарынан ізденіс көрсетуі бұл жағдаятты бақылап, баланың қызығушылығымен жұмыс жүргізуі. Бала қиындық туғызушы ғана емес, қуанышты тудыруға мүмкіндігі барын біліп, басқада осындай отбасыларына хабарласып қиындықтың жою жолдарын қарастырады. Негізгі тіректі ата-аналар баланың өздігінше өмір сүре білуіне, әлеуметтік өмірде ешкімнің көмегінсіз шешім таба білуіне үйретуге назар аударады. Психологтың міндеті - әлеуметтік тұрғыда баланың жетілуіне ата-аналардың керек екендігін, шығармашылық дамумен үміт ете білуіне, ”дұрыс” бағыт бере білуі.
Көмек көрсету түрлері: Тәжірибемен бөлісу,біліммен, диалог жүргізу, бірігіп қызмет ету.
Ата-аналармен толық жұмыс жүргізу мамандардың негізгі мақсаты болып табылады. Жеке баланың психологиялық - педагогикалық дамуына байланысты отбасының көмегімен оқу мен тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет. Коррекциялық көмек жүргізу үйге берілген тапсырмамен шектелмейді, керекті жаттығулардың түрлерімен дағдыландыру бірте-бірте қалыптасады. Белгілі уақыт аралығында әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолдану арқылы ата-аналар нәтижеге жетеді. Оқытушымен бірігіп балаға түзеу, көмек беру, олардың тыңдау, көру, бағыну қабілеттерін дамыту үшін жұмыс жүргізіледі.
- аурудың пайда болуы мен оның емдеу мен түзеу жолдарын ата-аналарға түсіндіріп хабарлау.
- баланы күту жолдарын ата-аналарды арнайы дағдыларға үйрету.
- бір қалыпты, тыныш жағдай жасау жолдарын қалыптастыру.
Мектеп пен ата - аналардың жас жеткіншек бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді алыптастырудағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүргізілетін жұмыстар мынадай бағыттарда болуы мүмкін:
1. Әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары
2. Психологиялық – педагогикалық кеңес беру жұмысы
3. Ақпараттық - әдістемелік жұмыс
4. Диагностикалық талдау
5. Бұқаралық – мәдени жұмыс.
- құқықтық тәрбие жөніндегі кеңес
-салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұйым
- Аналар мектебі
- Аталар мектебі
- Қайырымдылық қоры.
Психологиялық – педагогикалық кеңес беру жұмысы – ата - аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез - құлқын білуіне сай, оларға ағартушылық көмек көрсету:
Әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары – мектептің және сыныптың ата - аналар комитеттерінің іс - әрекетін ұйымдастыру, ата - аналар қауымының өкілдерін мектептің жұмысшы ұйымдарына тарту:
Халық педагогикасы тұрмыс-тіршіліктің ешбір қырын көзден таса қалдырмайды. Байлық қуып, басын қорлыққа байлаушыларды да халық жақтырмайтынын аңдатады:"Қанағатшылға қадамның бәрі – жақсылық”. Барға көңілі көншіп, кикілжіңсіз ғұмыр кешетін-дердің асығы түгел. Өйткені "Қанағат кеткеннен қасиет қашады”.
(М.Әлімбаев "Халық – ғажап тәлімгер”, Алматы "Рауан” 1994. 53-бет)

Ұлттық педагогикадан:

- Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла
- Құндақ тәрбиесінен мектепке дейінгі тәрбие
- Үш жастан сана оянып, 6 жасқа дейін ақыл кіретін кезең

Қанатты сөздер: Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы ұйыту оңай.
Сенека

* Он бес жастан құрбыңдай сыйлас («Он үште отау иесі» болар тұлғаның ой-санасы мен мінез-құлқының, ар-ожданының қалыптасуын қадағалай отырып, кемшілік объектісіне бағдарлау).

Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
Әл-Фараби

Категория: Ата-аналарға

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 11-05-2016, 15:10, посмотрело: 7809

7
Мекен жайымыз
[ОҚО, Мақтарал ауданы, "Жаңа ауыл" елді мекені, "Әдіхалық" ауылы. Б. Майлин көшесі
Байланыс телефоны: +7 (725) 24-5-67-91
Е-mail: b.maylin18@mail.ru

Категория: Мекен жайымыз

 

Мектеп жаналықтары.

Автор: admin от 11-05-2016, 14:44, посмотрело: 4658

6
Мектеп жаналықтары.
1-наурыз « Алғыс айту » күніне орай мектепке ауылдың құрметті азамат пен азаматшаларын шақырып «Мың алғыс» атты іс-шара өткізді. Іс-шара өте қызықты өтті.
Көктемнің алғашықы мейрамы 8-наурыз қыз-келіншектер мерекесіне орай 8-10 сынып қыздар арасында «Қыз сыны» атты кеш өткізді.
Оқушылар интернеттегі қашықтықтан өткізілетін «КИО», «Инфоурок», «Зият» атты олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Мектепте 407 сайлау учаскесі орналасқан. Наурыз айының 20-шы күні ҚР парламенті мәжілісінің және маслихаттарының депуттаттарын сайлау күні болып өтті.
1- мамыр күні Халықаралық достық күніне орай мектепте «1-Мамыр достық күні» атты іс-шара өтті.
7-мамыр Қарулы күштер күніне және 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Қазақ елі-мәңгі тыныш» атты іс-шара өтті.

Категория: Мектеп